Сапарғали Ысқақұлы Бегалиннің 130 жылдығы » Алматинская область Қарасай ауданы "Абай ауылындағы орта мектебі"КММ
Алматинская область
Қарасай ауданы білім бөлімінің
"Абай ауылындағы орта мектебі"
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(727) 304-76-33
Бухгалтерия
+7(747) 419-0441
Версия для
слабовидящих
27
ноябрь
2025

Сапарғали Ысқақұлы Бегалиннің 130 жылдығы



2025 жылдың 27-ші қараша айында «Абай ауылындағы орта мектебі» КММ мәжіліс  залында қазақ балалар әдебиетінің көрнекті өкілі, жазушы Сапарғали Ысқақұлы Бегалиннің 130 жылдығына арналған «Балалар әдебиетінің атасы – Сапарғали Бегалин» атты әдеби кеш өткізілді. Іс-шараның мақсаты: – Қазақ балалар әдебиетінің негізін қалаушы Сапарғали Бегалиннің өмірі мен шығармашылығын оқушыларға кеңінен таныстыру; – Жазушының балаларға арналған шығармалары арқылы жас ұрпақты адамгершілікке, ізгілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу; – Оқушыларды кітап оқуға баулу, әдебиетке деген қызығушылығын арттыру; – Шығармашылық тұлғаны үлгі ету және рухани құндылықтарды насихаттау. Кештің қадірлі қонақтары: – Ерғали Бақаш «Балдырған» журналының бас редакторы; – Балжан Мұратқызы «Ақжелкен» журналының бас редакторы; <<Алматинская область білім басқармасының Қарасай ауданы бойынша білім бөлімі>> ММ аудан әдіскері Изтелеу Бақшат Маратқызы қатысты. Қонақтар оқушылармен сұхбаттасып, балалар әдебиетінің қазіргі дамуы, жазушылардың еңбегі және оқырман мәдениеті туралы мазмұнды ой-пікірлерін ортаға салды. Сонымен қатар, оқушылардың сұрақтарына жауап беріп, шығармашылыққа қызығушылығын арттыруға бағытталған құнды кеңестер айтты.