«Күзгі демалыста кітап оқимыз» атты оқу апталығы
27 қазан – 2 қараша 2025 жыл «Абай ауылындағы орта мектеп» КММ кітапханасы 2025 жылдың 27 қазан мен 2 қараша аралығында күзгі демалыс кезінде мектеп кітапханасында «Күзгі демалыста кітап оқимыз» атты оқу апталығы өтті. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану, кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру және көркем әдебиет арқылы рухани дүниесін байыту болды.