1 мамыр –Қазақстан халқының бірлігі күнінде өткізіліген іс-шаралар туралы » Алматы облысы Қарасай ауданы "Абай ауылындағы орта мектебі"КММ
Алматы облысы
Қарасай ауданы білім бөлімінің
"Абай ауылындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 304-76-33
Есепші бөлімі:
+7(747) 419-0441
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 1 мамыр –Қазақстан халқының бірлігі күнінде өткізіліген іс-шаралар туралы
28
апрель
2022

1 мамыр –Қазақстан халқының бірлігі күнінде өткізіліген іс-шаралар туралы

     «Абай ауылындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде  1 мамыр –Қазақстан халқының бірлігі  күніне орай  іс- шаралар жоспары  жасалып бекітілді. Жоспар бойынша 25.03.2022 жылы 1-11 сынып жетекшілері   «Ынтымағы мен бірлігі жарасқан елдің келешегі кемел» тақырыбында  сынып сағаттарын, 25.03-30.03 аралығында 1-4 сынып оқушылары «Қазақстан –достық мекені» тақырыбында сурет көрмесін, мектеп кітапханасында кітапханашы А.Қаймолдаева «Ел бірлігі –тұрақтылық» тақырыбында көрме, 26 наурыз күні әлеуметтік педагог   Т.Жалғасбаева, мұғалімдер    және  ата-аналардың қатысуымен «Қайырымдылық жасайық» тақырыбында  аз қамтылған  отбасы балаларына қайырымдылық жасалды.  27 наурыз күні   «Мен,сен,ол, бәріміз-тұтас елдің сәніміз» 6-7 сынып арасында дене шынықтыру пән мұғалімдері Д.Жапабаев , А.Ысқақов,Б.Бейсенов спорттық эстафета ,  28 наурыз күні 8-11 сынып оқушылары арасында  «Қазақстан –достық мекені» үздік шығармалар   байқауын   қазақ тілі пән мұғалімі  С.Жұмақын  өткізді. К.Исымбаева және 

өзін-өзі басқару ұйым оқушылары  29 наурыз күні «Көп ұлтты,тату елім –Қазақстан»  бейнеролигін   жасап ,оқушылар мен ата-аналар чатына жіберілді.