Тәрбие жұмысының жоспарлары » Алматы облысы Қарасай ауданы "Абай ауылындағы орта мектебі"КММ
Алматы облысы
Қарасай ауданы білім бөлімінің
"Абай ауылындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 304-76-33
Есепші бөлімі:
+7(747) 419-0441
Нашар көрушілер
нұсқасы
тәрбие сағаттарының өткізілу барысын жүйелі түрде бақылау
20
апрель
2026
тәрбие сағаттарының өткізілу барысын жүйелі түрде бақылау
Мектеп директоры Г. Рахымбаева тәрбие сағаттарының өткізілу барысын жүйелі түрде бақылау, олардың мазмұндық сапасын арттыру және тәрбие жұмыстарының тиімділігін бағалау мақсатында сыныптарды аралап, жоспарлы тексеру жұмыстарын жүргізді. Тексеру барысында тәрбие сағаттарының ұйымдастырылу деңгейі, тақырыптардың өзектілігі, оқушылардың белсенділігі мен қатысуы, сондай-ақ сынып жетекшілерінің әдістемелік шеберлігі жан-жақты сараланды.
Оқушыларды күтіп алу-күн тәртібінде!
26
январь
2026
Оқушыларды күтіп алу-күн тәртібінде!
Оқушыларды күтіп алу-күн тәртібінде! Абай ауылындағы орта мектебінде оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында таңертенгі күтіп алу шаралары ұйымдастырылуда. Кезекші мұғалімдер мен мектеп әкімшілігі оқушыларды мектеп ауласында қарсы алып, сыныптарына дейін қауіпсіз жетуін бақылайды. Мақсат-балалардың амандығын қамтамасыз ету,мектепке келу тәртібін бақылау.Қауіпсіздік-әр күннің бастауы!