Әдістемелік жұмыстар » Алматы облысы Қарасай ауданы "Абай ауылындағы орта мектебі"КММ
Алматы облысы
Қарасай ауданы білім бөлімінің
"Абай ауылындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 304-76-33
Есепші бөлімі:
+7(747) 419-0441
Нашар көрушілер
нұсқасы
7 мамыр – Отан қорғаушылар күні
07
май
2026
7 мамыр – Отан қорғаушылар күні
7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай 9 «Б» сыныбында сынып сағаты өткізілді. Сынып сағатының мақсаты – оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеу, елін, жерін қорғауға деген құрмет сезімін арттыру.
тәрбие сағаттарының өткізілу барысын жүйелі түрде бақылау
20
апрель
2026
тәрбие сағаттарының өткізілу барысын жүйелі түрде бақылау
Мектеп директоры Г. Рахымбаева тәрбие сағаттарының өткізілу барысын жүйелі түрде бақылау, олардың мазмұндық сапасын арттыру және тәрбие жұмыстарының тиімділігін бағалау мақсатында сыныптарды аралап, жоспарлы тексеру жұмыстарын жүргізді. Тексеру барысында тәрбие сағаттарының ұйымдастырылу деңгейі, тақырыптардың өзектілігі, оқушылардың белсенділігі мен қатысуы, сондай-ақ сынып жетекшілерінің әдістемелік шеберлігі жан-жақты сараланды.
ББЖМ (білім алушылардың білім жетістіктерін мониторингі)
31
март
2026
ББЖМ (білім алушылардың білім жетістіктерін мониторингі)
Бүгін мектебімізде 4 және 9 сыныптарға сабақ беретін пән мұғалімдеріне арналған ББЖМ (білім алушылардың білім жетістіктерін мониторингі) бойынша директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Молдабаева Мадина Бериковна жиналыс өткізді. Жиналыс барысында: ◆ ББЖМ-ның мақсаты мен маңыздылығы түсіндірілді Тапсырма түрлері мен құрылымы талданды. Оқушыларды тиімді дайындау жолдары қарастырылды. Мұғалімдерге әдістемелік бағыт-бағдар берілді. 31.03.2026ж
«Жаратылыстану пәндері AI дәуірінде» семинары білім мен технологияның үйлесімін көрсетті.
12
декабрь
2025
«Жаратылыстану пәндері AI дәуірінде» семинары білім мен технологияның
Болашақ бүгіннен басталады! 12 желтоқсан күні мектебімізде өткен «Жаратылыстану пәндері AI дәуірінде» семинары білім мен технологияның үйлесімін көрсетті. Ұстаздар тәжірибе алмасты, жаңа идеялармен шабыттанды, ал AI — сенімді көмекшіге айналды  #AIменБілім #ЖаратылыстануАпталығы #ҰстазШабыт #FutureEducation
Кітапхана қорын тексеру
14
октябрь
2025
Кітапхана қорын тексеру
2025 жылдың 14 қазан күні <<Абай ауылындағы орта мектебі>> коммуналдық мемлекеттік мекемесінде кітапхана қорын тексеру бойынша рейд жүргізілді.