Мұғалімдер » Алматы облысы Қарасай ауданы "Абай ауылындағы орта мектебі"КММ
Алматы облысы
Қарасай ауданы білім бөлімінің
"Абай ауылындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 304-76-33
Есепші бөлімі:
+7(747) 419-0441
Нашар көрушілер
нұсқасы
тәрбие сағаттарының өткізілу барысын жүйелі түрде бақылау
20
апрель
2026
тәрбие сағаттарының өткізілу барысын жүйелі түрде бақылау
Мектеп директоры Г. Рахымбаева тәрбие сағаттарының өткізілу барысын жүйелі түрде бақылау, олардың мазмұндық сапасын арттыру және тәрбие жұмыстарының тиімділігін бағалау мақсатында сыныптарды аралап, жоспарлы тексеру жұмыстарын жүргізді. Тексеру барысында тәрбие сағаттарының ұйымдастырылу деңгейі, тақырыптардың өзектілігі, оқушылардың белсенділігі мен қатысуы, сондай-ақ сынып жетекшілерінің әдістемелік шеберлігі жан-жақты сараланды.
Мектебімізде 30 қаңтар күні директор жанындағы кеңес отырысы өтті
30
январь
2026
Мектебімізде 30 қаңтар күні директор жанындағы кеңес отырысы өтті
Мектебімізде 30 қаңтар күні директор жанындағы кеңес отырысы өтті Кеңес отырысында күн тәртібіне сәйкес бірнеше өзекті мәселелер қарастырылды . Жиын барысында мектеп директоры Рахымбаева Галия Тахировна бірқатар ұстаздарды еңбектегі жетістіктері үшін Алғыс хаттармен марапаттады  . Сондай-ақ кеңес барысында информатика пәні мұғалімі Молдабекова Мадина әр пән бірлестігіне нақты тапсырмалар беріп, бірлестіктер арасындағы ұйымшылдықты арттыруға ықпал етті  . Аталған кеңес отырысы педагогикалық
Оқушыларды күтіп алу-күн тәртібінде!
26
январь
2026
Оқушыларды күтіп алу-күн тәртібінде!
Оқушыларды күтіп алу-күн тәртібінде! Абай ауылындағы орта мектебінде оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында таңертенгі күтіп алу шаралары ұйымдастырылуда. Кезекші мұғалімдер мен мектеп әкімшілігі оқушыларды мектеп ауласында қарсы алып, сыныптарына дейін қауіпсіз жетуін бақылайды. Мақсат-балалардың амандығын қамтамасыз ету,мектепке келу тәртібін бақылау.Қауіпсіздік-әр күннің бастауы!
"Абай ауылындағы орта мектебі"КММ нің ағылшын тілі пәні мұғалімі Ануар Айнұр  Марғұланқызы Алматы облысы әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
15
декабрь
2025
"Абай ауылындағы орта мектебі"КММ нің ағылшын тілі пәні мұғалімі
Қазақстан Республикасының Тіл саясатын жүзеге асыруға  белсенді ат салысып, заман талабына сай бірнеше тілді меңгеру арқылы қоғамдық өркениетке дамытуға үлес қосып жүргені үшін "Абай ауылындағы орта мектебі"КММ нің ағылшын тілі пәні мұғалімі Ануар Айнұр  Марғұланқызы Алматы облысы әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
“Ғылым және Тәуелсіздік: болашаққа бағдар”* атты Республикалық ғылыми-зерттеу жобалар конкурсы
13
декабрь
2025
“Ғылым және Тәуелсіздік: болашаққа бағдар”* атты Республикалық
2–11 сынып оқушыларына арналған *“Ғылым және Тәуелсіздік: болашаққа бағдар”* атты Республикалық ғылыми-зерттеу жобалар конкурсында мектебіміздің екі оқушысы қатысып, I дәрежелі дипломмен марапатталды. Жоба жетекшілері — информатика пәні мұғалімдері А. Айкен мен Қ. Алиева. Құтты болсын әріптестерЕңбектеріңіз жана берсін, шығармашылық табыс тілеймін.
«Жаратылыстану пәндері AI дәуірінде» семинары білім мен технологияның үйлесімін көрсетті.
12
декабрь
2025
«Жаратылыстану пәндері AI дәуірінде» семинары білім мен технологияның
Болашақ бүгіннен басталады! 12 желтоқсан күні мектебімізде өткен «Жаратылыстану пәндері AI дәуірінде» семинары білім мен технологияның үйлесімін көрсетті. Ұстаздар тәжірибе алмасты, жаңа идеялармен шабыттанды, ал AI — сенімді көмекшіге айналды  #AIменБілім #ЖаратылыстануАпталығы #ҰстазШабыт #FutureEducation
Lesson Study
10
декабрь
2025
Lesson Study
Бүгін мектебімізде Lesson Study бойынша сабақты зерттеу тақырыбында коучинг өтті. Коучинг барысында мұғалімдер зерттеу үдерісінің кезеңдерімен танысып, зерттеу сұрағын құрастыру тәсілдерін талқылап, зерттеу топтарының алдағы жұмыс бағыттарын айқындады. Зерттеу жұмыстарыңызға шығармашылық табыс тілейміз!