Баршаңызды көрісу күнімен құттықтаймыз! ⠀ » Алматы облысы Қарасай ауданы "Абай ауылындағы орта мектебі"КММ
Алматы облысы
Қарасай ауданы білім бөлімінің
"Абай ауылындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 304-76-33
Есепші бөлімі:
+7(747) 419-0441
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Баршаңызды көрісу күнімен құттықтаймыз! ⠀
14
март
2022

Баршаңызды көрісу күнімен құттықтаймыз! ⠀

 Баршаңызды көрісу күнімен құттықтаймыз!



Қазақстанның батыс өңірі Наурыз мерекесін ерекше қарсы алады. Атырау, Маңғыстау облыстары түгелімен, сондай-ақ, Ақтөбе, Орал облыстарының кейбір бөлігінде Наурыз мейрамы осы айдың 14-інен, яғни «Көрісу» салтынан басталады. Бұл күнді кей жерлерде «амал» деп те атайды. Ал кейбір деректер бойынша мұны Байбақты Қазыбек күнтізбесі бойынша көрісу (яғни, қауышу) күні дейді.

Бұл күні адамдар таңнан бастап үй аралап, үлкендерге сәлем беріп, бір-бірін амал мерекесімен құттықтайды.
Көрісу — тек адамдардың бір-біріне амандасып, жақсылық тілейтін қауышу мерекесі ғана емес, сондай-ақ, жасы үлкендерге ізет көрсетіп, ілтипат білдіретін дәстүрлі көрініс. Өйткені, көрісу салты бір күннің аясымен шектеліп қалмайды, жыл бойы жалғаса береді.

Көрісу күні исламда бар нәрсе емес. Бірақ ол шариғат талаптарына қайшы келмей, онымен үндесіп жатқандықтан, исламмен бірге ғасырлар бойы жасасып келе жатқан біздің төл дәстүріміз. Оның бір дәлелі – көрісу күнінің араздасқан, бір-бірімен араласпай кеткен жақын адамдарды татуластыруға, табыстыруға бағытталған қасиеті. Бұл күні бір-бірін танитын бүкіл адам, тіпті әртүрлі себептерге байланысты жанжалдасып, бет көріспей кеткендер де көрісіп, қол алысуға міндетті. Ежелден келе жатқан салттың талабы — осындай. Сөйтіп, көрісіп, біріне-бірі ақ тілегін айтқан адамдар бұдан кейін арадағы реніштерін жойып, табысады. Қалай болғанда да, көрісу күнінің имандылыққа, жақсылыққа негізделген мереке екені анық. Ол үлкен мен кіші арасында сыйластық, сыпайылық орнатады.

Қорыта айтқанда, Көрісу күні — пенденің аузы аққа, мал аузы көкке тиіп, адамның адаммен, жылдың жылмен көрісіп, бір-біріне тілектерін айтатын күні.