Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл » Алматы облысы Қарасай ауданы "Абай ауылындағы орта мектебі"КММ
Алматы облысы
Қарасай ауданы білім бөлімінің
"Абай ауылындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 304-76-33
Есепші бөлімі:
+7(747) 419-0441
Нашар көрушілер
нұсқасы
10
февраль
2026

Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл


Қазақтың ұлы ақыны Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл толуына орай, 2026 жылдың 10 ақпан күні «Абай ауылындағы орта мектеп» КММ кітапханасында ақынның шығармашылығына арналған шығармашылық шолу іс-шарасы өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – оқушыларды Мұқағали Мақатаевтың өмір жолы мен мол әдеби мұрасымен таныстыру, ақын поэзиясы арқылы жас ұрпақтың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру, туған елге, ана тіліне, ұлттық әдебиетке деген сүйіспеншілігін арттыру, кітап оқуға қызығушылығын дамыту.
Іс-шара барысында ақынның шығармашылық кезеңдеріне шолу жасалып, өлеңдері мәнерлеп оқылды. Мұқағали Мақатаевтың шығармалары мен ол туралы әдебиеттер қойылған кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқырмандарға таныстырылды. Қатысушылар белсенділік танытып, өз ой-пікірлерімен бөлісті.