Тамақтандыру » Алматы облысы Қарасай ауданы "Абай ауылындағы орта мектебі"КММ
Алматы облысы
Қарасай ауданы білім бөлімінің
"Абай ауылындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 304-76-33
Есепші бөлімі:
+7(747) 419-0441
Нашар көрушілер
нұсқасы
14
март
2022

Тамақтандыру

Қазақстан Республикасы үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы №64 «әлеуметтік қорғалмаған білім алушылармен әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан шыққан білім алушыларға қаржылай және материалдық көмек бөлінетін қаржы жұмсау ережесі» қаулысымен және Қазақстан Республикасы Конститутциясының 30 бабы және «Қазақстан Республикасында орта білім беру жүйесін одан әрі реформалау жөніндегі шаралар туралы.»2021 жылдың қыркүйек айынан бастап өтініш жиналды. Қазіргі таңда Ыстық тамақ ішетін 1-10 сынып аралығындағы оқушылар саны 125. Оқушылар асханаға белгіленген уақыт бойынша барады.1,2сыныптар 09:35 те, 3,4 сыныптар 10:25 те, 8,9,10 сыныптар 11:25 те, екінші ауысымдағы 6,7 сыныптар 15:05 те, 5,6 сыныптар 15:55 те барады.Тамақтану уақыты 10-15минут.Жалпыға бірдей білім беру қорынан тегін тамақпен қамтылған оқушылардың тізімі 1 сынып 17, 2 сынып 113, 3сынып 12, 4сынып 20, 5сынып 17, 6сынып 18, 7сынып 13, 8сынып 12, 9сынып 1, 10сынып 2 оқушы тамақтанады.Қазіргі уақытта бір реттік тегін ыстық тамақтың бағасы 454 теңгені құрайды. Аудандық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы және мектеп директоры К.Узембаева бекіткен ас мәзірі бойынша күнделікті тағамдар түрлендіріліп жасалып отырады.Ас мәзірін мектеп директоры К.Узембаева бекітіп,медбике 
Б. Искакваның келісімі арқылы 2 аптаға әзірленеді.Ас мәзірін сапалы әзірлеу үшін асхананың санитарлық гигиеналық талаптарға сай болуын мектеп мейірбикесі тексеріп отырады,бракераждық журнал арналған. Мектеп медбикесі асхана жұмысын,күнделікті тамақтың бекітілген ас мәзіріне сай болуын,сапасын құрамын салмағын нормасын тазалығын тексеріп отырады.Мектептің асханасы 70 орындық.Тамақ пісіру,азық-түлік сақтау бөлмелері бар.Асхананы жалға алушы кәсіпкер Килибаева Гүлнар Құттыбайқызы.Асхана аптасына 5 күн бірінші және екінші ауысымда жұмыс істейді.Жасөспірімдердің тамағының нәрлілігі мен құрамы талапқа сай болуы үнемі басты назарда.Асхананың жұмыс істеуіне қажетті бұйрықтар шығарылып,ыстық тамақпен қамтылған оқушылар тізімі мен тамақтану кестесі жасақталды.