Қауіпсіз ғаламтор атты жадынама Ата-аналарға » Алматы облысы Қарасай ауданы "Абай ауылындағы орта мектебі"КММ
Алматы облысы
Қарасай ауданы білім бөлімінің
"Абай ауылындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 304-76-33
Есепші бөлімі:
+7(747) 419-0441
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қауіпсіз ғаламтор атты жадынама Ата-аналарға
14
апрель
2022

Қауіпсіз ғаламтор атты жадынама Ата-аналарға

Бастауыш сынып оқушыларының

(7-10) жас ата-аналарына кеңес

-Баланы өзіңіз  рұқсат еткен сайттарға кіруге үйретіңіз

- Балаға кіруге болмайтын сайттарды бұғаттап( блокка салып) қойыңыз        

-Өзі туралы ақпарат беруде бала ата-анасымен кеңесетін болсын

-Ата-анасының рұқсатынсыз бала ғаламтордан ештеңе жүктемеуі керек 

-Бұл жаста хабарламамен тез алмасатын құралдарды қолдануға рұқсат етпеңіз

-Балаңызбен оның достары туралы сөйлесіп тұрыңыз 

-Баланы ғаламторда бірдеңе мазаласа,оны бірден сізге айтатын болсын      







Орта буындағы балалардың

(10-13 жас) ата-аналарына кеңес

-Өзі туралы ақпараттың құпиялылығын баланың есіне салып отырыңыз

-Ғаламтордан бағдарлама немесе файл жүктер алдында рұқсат сұрауға үйретіңіз

-Баланы ғаламторда бірдеңе мазаласа, оны бірден ата-анасына айту керек

-Балаңыздың электронды поштасымен танысуыңызға рұқсат беруін талап етіңіз

-Балаға ғаламтордағы жауапкершілік пен өзін–өзі қалай ұстау керектігі жайында түсіндіріңіз.























Жоғарғы сынып оқушыларының

(14-17 жас) ата-аналарына кеңес


-Балаңыздың қандай чат, әлеуметтік сайт, хабарландыру парақшаларын пайдаланып жүргенін бақылаңыз

-Балаңыздың ғаламтор арқылы танысқан адаммен кездесуіне рұқсат бермеңіз

-Өзі туралы ақпарат берудің құпия болуын түсіндіріңіз

-Балаға спамнан (белгісіз хаттар) қорғауға комектесіңіз

-Балаңыздың ғаламторды бұзақылық үшін пайдалануына жол бермеңіз

-Жасөспірім балаңыз ғаламтор арқылы бір хатты сатып алуда сізбен ақылдасатын болсын.