Балдырған журналына жазылу жұмыстары сәтті өтті.
«Абай ауылындағы орта мектеп» КММ кітапханасында балалардың сүйікті басылымы – Балдырған журналына жазылу жұмыстары сәтті өтті. Биыл мектебімізден 80 оқушы «Балдырған» журналына жазылып, алғашқы санын қуанышпен қабылдады. Жас оқырмандар журнал бетін қызыға парақтап, ертегілерін оқып, жұмбақтарын шешуге кірісті. Балалардың кітапқа, басылымға деген қызығушылығы арта берсін! Оқуға құштар ұрпақ – жарқын болашақ кепілі!