Материалы за 20.04.2026 » Алматы облысы Қарасай ауданы "Абай ауылындағы орта мектебі"КММ
Алматы облысы
Қарасай ауданы білім бөлімінің
"Абай ауылындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 304-76-33
Есепші бөлімі:
+7(747) 419-0441
Нашар көрушілер
нұсқасы
Мектебіміз үшін зор қуаныш!
20
апрель
2026
Мектебіміз үшін зор қуаныш!
Мектебіміз үшін зор қуаныш! Оқушымыз Қабылбекұлы Жәңгір Республикалық «Алтын сақа» математикалық олимпиадасының облыстық кезеңінде жүлделі орын иеленіп, мектебіміздің мерейін асқақтатты. Жәңгірді осы жарқын жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл – оның еңбегі мен білімге деген талпынысының айқын дәлелі.Алдағы уақытта да биік белестерді бағындыра беруіне тілектеспіз! 🌟 Жетекшісі – Туткабекова Күлшат. Күлшат апайға осындай дарынды да талапты оқушыларыңыз көп болсын деп тілейміз.  
тәрбие сағаттарының өткізілу барысын жүйелі түрде бақылау
20
апрель
2026
тәрбие сағаттарының өткізілу барысын жүйелі түрде бақылау
Мектеп директоры Г. Рахымбаева тәрбие сағаттарының өткізілу барысын жүйелі түрде бақылау, олардың мазмұндық сапасын арттыру және тәрбие жұмыстарының тиімділігін бағалау мақсатында сыныптарды аралап, жоспарлы тексеру жұмыстарын жүргізді. Тексеру барысында тәрбие сағаттарының ұйымдастырылу деңгейі, тақырыптардың өзектілігі, оқушылардың белсенділігі мен қатысуы, сондай-ақ сынып жетекшілерінің әдістемелік шеберлігі жан-жақты сараланды.