15
апрель
2026
Ата- аналар назарына!
Ата- аналар назарына! Абай ауылындағы орта мектебінің әкімшілігі 2025-2026 оқу жылындағы соңғы қоңырау, қорытынды аттестаттау кезеңінде, соның ішінде 4,9,11-сынып бітірушілеріне қатысты келесі маңызды ескертулерді назарларыңызға ұсынады:Педагогикалық этика мен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында мұғалімдерге қандай да бір сыйлық ұсынуға, ақша жинауға қатаң тыйым салынады.Аниматорлар, студиялар мен агенттіктерді шақыру.
Мектептің ішкі жөндеу жұмыстарына қажетті санитарлық-шаруашылық заттарды сатып алу мақсатында білім алушылардан ақша жинауға қатаң тыйым салынады.
Оқушылардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында автокөлік шеруіне шығуға, ойын-сауық орталықтарына, мейрамханаларға, дәмханаларға және басқа да орындарға баруға рұқсат етілмейді.
Мектеп ішінде немесе мектептен тыс жерде ата-аналар тарапынан мерекелік дастархан ұйымдастыруға, қаражат жинауға тыйым салынады.
Қорытынды аттестаттау барысында мектеп формасын сақтап, тәртіпті, жауапкершілікті болу -әрбір оқушы үшін міндет.
Ескерту:
Аталған талаптар 4,9,11-сынып оқушылары мен ата-аналарына бірдей дәрежеде қатысты. Бұл шектеулер сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, педагогикалық этика мен әділдікті сақтау мақсатында енгізілген.
Құрметті ата-аналар! Жоғарыда көрсетілген талаптарды қатаң сақтап, балаларыңыздың қауіпсіздігіне бейжай болмауларыңызды сұраймыз. Біз балаларға сапалы білім мен тәрбие беруді абыройлы міндет деп санаймыз.