Кітапхана қоры » Алматы облысы Қарасай ауданы "Абай ауылындағы орта мектебі"КММ
Алматы облысы
Қарасай ауданы білім бөлімінің
"Абай ауылындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 304-76-33
Есепші бөлімі:
+7(747) 419-0441
Нашар көрушілер
нұсқасы
21
сентябрь
2023

Кітапхана қоры

           2022-2023 оқу жылында мектеп кітапханасының кітап қорында 24616 дана кітап болды, оның ішінде 23604 дана - мектеп оқулықтары, 51 дана - электронды оқулық және де 1012 дана - көркем әдебиет. 
          Жалпы қазақ тіліндегі негізгі әдебиет саны - 997 дана, орыс тіліндегі әдебиеттер - 15 дана. 
2022-2023 оқу жылының басында мектеп алды даярлық тобына және 1-11 сынып оқушылары,  сонымен қатар 2- сыныптар үшін жаңартылған бағдарламаға сәйкес 1106 оқушы оқулықпен 100 % қамтылды. 

           
          2023-2024 оқу жылында мектеп кітапханасының кітап қорында  26479 дана кітап бар, оның ішінде 25441 дана - мектеп оқулықтары, 176  дана - электронды оқулық және де  1038 дана - көркем әдебиет. Жалпы қазақ тіліндегі негізгі әдебиет саны - 1023 дана, орыс тіліндегі әдебиеттер - 15 дана. 
           2023-2024 оқу жылының басында кітапхана қорына 1-11 сыныптарға жаңартылған бағдарламаға сәйкес 1862 дана оқулық пен  электрондық оқулық, мұғалімдерге арналған электрондық форматтағы әдістемелік нұсқаулықтар  аудандық білім бөлімі тарапынан қамтамасыз етілді. 
          Мектеп кітапханасында екі кітапханашы жұмыс істейді, білімі жоғары. Мектептегі  оқу жылының басында оқушылар саны - 1126. Мектеп кітапханасындағы оқырмандар саны - 1100. Кітапханада әр түрлі тақырыпта кітап көрмелері, жоспар бойынша әр түрлі тақырыпта іс-шаралар өткізіліп тұрады. 
          2023-2024 оқу жылында 1126 оқушы оқулықпен  100 % мемлекет тарапынан  қамтылды. 1- 10 орыс-қазақ сынып балаларына   оқулық алынды және әдеби кітаптар қосылды. Оқушылар мен  мұғалімдердің сұраныстарын  толық қамтамасыз етуге мүмкіншілік туды. Мектепішілік өтетін әр түрлі  іс-шараларға кітапханашы белсене араласып отырады. Кітапханада ақын жазушылардың мерейтойларына байланысты кітап көрмелері мен шолу әңгімелер өткізіліп тұрады.

Похожие публикации:

22 сентябрь 2021 Кітапхана қоры
14 март 2022 Тамақтандыру