«Абай ауылындағы орта мектебі» КММ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНЫҢ ЖЫЛДЫҚ ЖОСПАРЫ » Алматы облысы Қарасай ауданы "Абай ауылындағы орта мектебі"КММ
Алматы облысы
Қарасай ауданы білім бөлімінің
"Абай ауылындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 304-76-33
Есепші бөлімі:
+7(747) 419-0441
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » » «Абай ауылындағы орта мектебі» КММ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНЫҢ ЖЫЛДЫҚ ЖОСПАРЫ
05
сентябрь
2022

«Абай ауылындағы орта мектебі» КММ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНЫҢ ЖЫЛДЫҚ ЖОСПАРЫ

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 16 қыркүйектегі №472 бұйрығы
Жоспарды әзірлеуге негіздеме:
       Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес оқу-тәрбие процесі білім алушылардың интеллектуалдық, патриоттық, руханиадамгершілік пен дене дамуын қамтамасыз ету мақсатында бірыңғай идеологиялық тәсілдер мен құндылықтарға негізделіп жүзеге асырылады. Тәрбие жұмысы барлық мүдделі тараптар: отбасы, білім беру ұйымдары, қоғамның жаппай қатысуымен кешенді түрде өткізілуі тиіс. 
Тәрбие  жұмысын   ұйымдастырудың  негізгі нормативтік  құқықтық   құжаттары:
1) Бала құқықтары туралы БҰҰ Конвенциясы; 
2) Қазақстан Республикасының Конституциясы; 
3)«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-IV Кодексі;
 4)«Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы № 345 Заңы; 
5)«Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 желтоқсандағы № 214-ІY Заңы; 
6)«Балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 2 шілдедегі № 169- VI Заңы; 
7) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319 Заңы; 
8) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 988 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы; 
9) ҚР БҒМ 2019 жылғы 15 сәуірдегі №145 бұйрығымен бекітілген «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайындағы тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері; 
10) ҚР БҒМ 2020 жылғы 12 маусымдағы № 248 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасында өлкетануды дамытудың тұжырымдамалық негіздері.
Нормативтік құқықтық қамтамасыз ету:
1.«Білім туралы» ҚР Заңы https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z070000319
2.«Педагог мәртебесі туралы» ҚР Заңы https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z1900000293
3.«Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» ҚР Заңы https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z020000345_
4.«Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы» ҚР Заңы https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z070000306
5.«Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» ҚР Заңы https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z020000343
6.Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды дамыту моделі https://adilet.zan.kz/kaz/docs/P2100000137
7.«Мектепке дейінгі ұйымдарға және сәбилер үйлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1700015893
8.«Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1800017669
9.«Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарлары» https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1200008275
10.«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламалары» https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1600014235
11.«Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары»https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1900018172
12.«Білім беру қызметтерін көрсетудің үлгілік шартының нысандары» https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1600013227
13.«Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттары» https://adilet.zan.kz/kaz/docs/P080000077
14.«Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары» https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V090005750 
15.«Жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормалары» https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1600013272
16.«Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидалары» https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1700015584
17.«Мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарын бейнебақылау жүйелерімен жарақтау стандарттары және оларға қойылатын талаптар» https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1900018239
18.«Педагогтерге біліктілік санаттарын беру (растау) қағидалары» https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2000020618
2022-2023 оқу   жылында  білім  беру   ұйымдарында  мынадай  жобалар іске   асырылатын  болады:
  1. «Отбасы – орта мектеп»
  2. «Оқуға құштар мектеп»
  3.  «Еңбек   - елдің мұраты»
  4.  «Ерте жастан экологиялық мәдениет»
  5. «Қоғамға қызмет»
  6. «Психологиялық қызмет және мектептегі татуласу қызметтерін ұйымдастыру»
Тәрбие саласына қатысты қазақстандық және  халықаралық мерекелер мен атаулы күндер:
30 тамыз   - ҚР  Конституциясы  күні;
1 қыркүйек -   Білім күні;
5 қыркүйек – Қазақстан халықтары тілдері мерекесі күні;
10 қыркүйек - Отбасы күні;
15 –қыркүйек. Денсаулық фестивалі. (1 аптасы.)
15.09-19.09. Діни экстремизмнің алдын-алу күні;
1 қазан - Қарттар күні;
4 қазан - Ұстаздар күні;
25 қазан-Республика күні  
30 қазан   - Алкогольмен күрес күні;
28.10.- Еңбек күні;
15.10-15.11. Құқықтық тәрбие айлығы.
16.11-20.11. Мәңгілік Ел. ҚР Ассамблеясына 21 жыл
15 қараша -   Ұлттық валюта күні;
02.11.-07.11. Зорлық-зомбылықтың алдын-алу;
03.11- 03.12. Дүниежүзілік адам иммундық  тапшылық синдромымен күрес күні. СПИД-АИТВ алдын-алу;
16.11- Толеранттылық  күні;
18.11. Рухани келісім күні;
20 қараша – Балалар  құқығы туралы Конвенция күні; 
10 желтоқсан - Адам құқығы күні;
16 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні;
26.12 - 30.12. – Жаңа жыл;
10.01-10.02. «Абайлаңдар, балалар!» айлығы;
10.01.-20.01. Қылмыстың алдын-алу күні;
18 қаңтар – Тұмаудың алдын алу күні;
10.02-10.03. «Өмірге Иә деп айт!» Республикалық ақпараттық науқан;
15 ақпан – Салауатты өмір салты күні;
15 ақпан- Кеңес әскерін Ауғанстаннан шығарылған күні;
23.02.-24.03. Туберкулездің алдын-алу айлығы;
1 наурыз- Алғыс айту күні;
1 наурыз –   Азаматтық қорғаныс күні;
8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні;
22 Наурыз – Наурыз  мерекесі;
2 сәуір – Халықаралық балалар кітабы күні;
7 сәуір - Дүниежүзілік денсаулық күні;
10 сәуір- Ескерткіштерді қорғау күні;
10 сәуір -21 сәуір аралығында «Қауіпсіз Интернет» атты Республикалық ақпараттық науқан;
12 сәуір - Ғылым және Космонавтика күні;
10 сәуір мен 10 мамыр аралығы Патриоттық тәрбие айлығы. (Саяси қуғын- сүргін құрбандарын еске алу күні.)
1 мамыр - халықтар достығы және ынтымақтастығы күні;
7 мамыр - Отан қорғаушылар күні;
9 мамыр - Жеңіс күні;
15 мамыр – Халықаралық отбасы күні;
31 мамыр –Саяси қуғын сүргін құрбандарын еске алу күні;
1 маусым   - Балаларды қорғау күні;
4 маусым – ҚР мемлекеттік рәміздер күні;
1 шілде- Домбыра күні;
6 шілде – Астана күні;
Тәрбие жұмысының тақырыбы:
«Қазақстандық   патриотизм мен адами құндылықтарға   негізделген жеке тұлға қалыптастыру»
Тәрбиелік мақсаты: «Мәңгілік Ел» жалпы ұлттық идеясының негізгі құндылықтарын жүзеге асыру арқылы, салауатты және рухани дамыған, интеллектуалды,  бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру
Тәрбиенің міндеттері:
  • «Бала құқықтары туралы Конвенцияны»  іске асыру; 
  • ҚР Конституциясын  басшылыққа алып құқықтық сананы қалыптастыру және дамыту, жастар арасында қатігездік пен күш көрсетуге ымырасыз болуға, жаңа демократиялық қоғамда өмір сүре білуге, жемқорлыққа «жоқ» деп айта білуге үйрету; 
  • ҚР «Білім туралы заңын» іске асыру бағдарламасын жалғастыру, сапалы біліммен қамтамсыз ету;
  • ҚР мектеп оқушыларының патриоттық тәрбие беру тұжырымдамасын пайдалану, азаматтық-патриоттық сананы қалыптастыру, рухани-адамгершілік қасиеттерді жетілдіру, этикалық принциптерді ұстана отырып қазақстандық қоғамның нормалары мен дәстүрлеріне қайшы келмеу;
  • Тұлғаның адами және ұлттық құндылықтарды ұстана отырып, қазақ халқының тілін, дәстүрлерін мойындауға, ұстануға  жетелеу, полимәдениетті тұлғаны қалыптастыру мен толерантылықты нығайту, Қазақстан Республикасында өмір сүретін түрлі этностар мен этнотоптардың тілін, мәдениетін дәріптеуге үйрету;
  • Отбасылық құндылықтарды кеңінен насихаттау, ата-аналардың психологиялық, педагогикалық білімін жетілдіру, ата-ананың баланың тұлға ретінде қалыптасына, тәрбиесіне жауаптылығын сезіндіру;
  • Еңбек дағдысын қалыптастыру, тұлғаның экономикалық ойлау дағдысын ұштап, болашақ мамандығын таңдауда жол ашу, экологиялық мәдениетті дамыту, ұжымдық қарым-қатынастың ережесін біліп, өмірде қолдану;
  • Интеллектуалдық мүмкіндіктердің, дарындылық пен көшбасшылық қасиеттердің  дамуына, тұлғаның ақпараттық мәдениетінің дамуына қажетті мотивациялық кеңістікті қалыптастыру;
  • Мектепте көпмәдениетті ортаны қалыптастыруға ықпал ету, ортақ мәдениет дағдыларын қалыптастыру, тұлғаның өнердегі және өмірдегі эстетикалық нысандарды қабылдауға, игеруге, бағалауға дайын болуын қаматамсыз ету;
  • Дене тәрбиесіне жіті назар аударып, салауатты өмір салтын ұстану дағдыларын қалыптастыруға ыңғайланған кеңістік орнатып, оқушыны өзінің   физикалық және психологиялық денсаулығына нұқсан келтіретін факторларды анықтай білуге үйрету.
Нәтижесінде:
Ø  Азаматтық-патриоттық сана-сезімі жоғары;
Ø  Рухани-адамгершілік қасиеттері дамыған;
Ø  Отбасылық құндылықтарды ұстанатын;
Ø  Құқықтық санасы нығайып қалыптасқан;    
Ø  Салауатты өмір салтын ұстанатын;.
Ø  Интеллектуалды, білімді, жан-жақты   және бәсекеге қабілетті;
Ø  Қазақстан Республикасының әлеуметтік, экономикалық және саяси өміріне белсене қатысатын, халқымыздың бай өмір тәжірибесі негізінде тәрбиеленген, ұлттық менталитетімізді бойына сіңірген   ХХІ ғасырдың жеке тұлғасы тәрбиеленеді.
ТӘРБИЕЛІК  БАҒЫТТАР:
Ø  Қазақстандық патриотизм мен азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие
Ø  Рухани-адамгершілік  тәрбиесі;
Ø  Ұлттық сананы қалыптастыру тәрбиесі;
Ø  Отбасылық тәрбие
Ø  Еңбек,  экономикалық  және экологиялық тәрбие;
Ø  Көпмәдениетті  және көркем-эстетикалық тәрбие 
Ø  Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі
Ø  Дене  тәрбиесі мен салауатты өмір салтын ұстану тәрбиесі.